Кәсіптік бағдар беру

Yessenov University кәсіптік бағдар беру тобы «Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі»  студенттерімен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында колледж студенттеріне  университет ректорының 100 білім гранты мен жеңілдіктері, «Менің таңдауым – YU» атты Startup байқауының ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар университеттегі мамандықтар жөнінде ақпарат берілді. Колледж студенттерi байқауға қызығушылықтарын танытып, қатысуға ниеттерін білдірді.