Білім берудегі өзекті мәселелер мен заманауи технологиялар

Share on social networks

“Білім берудегі өзекті мәселелер мен заманауи технологиялар” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция

30.04.21 күні Білім беру мектебінің ұйымдастыруымен “Білім берудегі өзекті мәселелер мен заманауи технологиялар” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

 

Спикерлер ретінде:

Аганина Қ.Ж., п.ғ.д, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Педагогика және психология» институты.

Күзербаева А.Ш. Ибаш Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беру мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Бекенжан Ж.Б Білім беру мектебінің аға оқытуышысы

Жұматаева З.Н. п.ғ.к, профессор Назарбаев университеті, қазақ тілі және түркітану департаменті

Нурлаков А.А., ЖШС «Pedagog Academy» директоры сөз сөйледі.

 

 Конференция бағдарламасына білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша баяндамалар енгізілді:

1.Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру арқылы оқыту.

  1. Білім саласы менеджерлерінің құзіреттілігі
  2. Заманауи технологиялар әлемінде өзіңізге қалай көмектесуге болады?
  3. Инновациялық технологиялар: білім берудегі интеграция
  4. Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздер

 

Конференция аясында келесі бағыттар бойынша секциялар жұмысы ұйымдастырылды:

1.Білім берудегі заманауи әдістер

  1. Білім беру зерттеу объектісі ретінде (тарихи-мәдени, нормативтік-құқықтық, психологиялық-педагогикалық, экономикалық және т. б. аспектілер)

 

Конференция соңында Қазақстан Республикасының аумағында білім беруді дамыту бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды және білім беру саласында тиісті ақпаратпен, ғылыми біліммен және практикалық тәжірибемен алмасу жүзеге асырылды.