Бар ғұмырын ел мен жер мүддесіне арнаған

18 ақпан күні академик С. Зимановтың туғанына 100 жылдық мерейтойына орай, Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы және Yessenov Unversity «Бизнес және құқық» факультеті ұйымдастыруымен «Бар ғұмырын ел мен жер мүддесіне арнаған» атты тарихи-танымдық сағат өткізілді.

Аталған шараға «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенттері және аға оқытушы А.У.Усенбаева  қатысты.

Тарихи-танымдық сағатында студенттер Салық Зиманұлының өмірбаянына, ғылыми еңбек жолдарына, еңбектері мен шәкірттерінің естелік жазбаларына тоқталып, пікірлерімен бөлісті және бейнетүсірілімдер көрсетілді.  Әмбебап кітапханасының  бөлім меңгерушісі Б.Козбекова  академик С. Зимановтың өмір жолы мен қызметіне шолу жасап, көптеген құнды пікірлер айтты.