Адалдық – адамдық белгісі

19 ақпанда «Yessenov University» Парасаттылық мектебінің ұйымдастыруыменен «Адалдық – адамдық белгісі» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың мақсаты – жастардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Шараға «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері және «Парасаттылық мектебінің» мүшелері   команда болып  адалдық тақырыбын талқылады.

Семинар барысында    «Адалдық-адамдықтың  белгісі»  демекші осы  әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларын ортаға салды.

Семинарды парасаттылық мектебінің жетекшісі Утешова Айдынай жұргізді.