Қажымұқан Елжановтың «Жат ағым – жат дүние!» тақырыбында қонақ дәрісі өтті

16 сәуір күні тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің бастамасымен Ақтау қаласы орталық мешітінің наиб-имамы Қажымұқан Елжанов № 2 студенттік жатақханасында тұратын студенттерге «Жат ағым – жат дүние!» тақырыбында дәріс оқып, дестуктивтік діни ағымдардың алдын-алу бағытында түсіндіру жұмысын жүргізді.

Қажымұқан Елжанов студенттерге қызметі азаматтардың моральдық және жеке денсаулығына зиян келтірумен байланысты әртүлі жалған діни ұйымдардың, секталардың, топртардың бар екенін айтып берді. Теолог дәстүлі ислам негіздерін, зайырлы қоғамда өмір сүретін мұсылманның жағдайын жан-жақты түсіндіруге тоқталды. Оның ішінде діни салт-дәстүрлер мен жораларды дұрыс түсінуге баса көңіл аударылды.

Сонымен қатар ол көмекке мұқтаж кез-келген адам психологиялық, құқықтық және басқа да қажетті көмекті, дін мәселелері бойынша маманның кеңесін республикалық ақпараттық-кеңес орталығына хабарласып, ала алатынын хабарлады.