Абайды оқы, таңырқа…

23 сәуір күні Yessenov University «Қазақ филологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн форматта «Абайды оқы, таңырқа...» атты университетішілік Абай қарасөздерін оқу шеберлерінің байқауы өтті.

Шара Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылды. Байқау кафедра меңгерушісі А.Н.Отарованың кіріспе сөзімен басталды.
Абайдың құнды қарасөздерін қазақ тілінде еркін сөйлейтін студенттер ғана емес, өзге тілде білім алып жатқан студенттер де нақышына келтіріп оқыды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, мәреден көрінген көркемсөз шеберлері дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.