Студенттердің волонтерлік қызметі: қазіргі жағдайы, мәселелері, перспективалары

24 сәуір күні Yessenov University-дің «Базалық» факультетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттік волонтерліктің өзекті мәселелері бойынша сындарлы және ашық диалогты қамтамасыз ету мақсатында "Студенттердің волонтерлік қызметі: қазіргі жағдайы, мәселелері, перспективалары" атты облыстық ғылыми-тәжірибелік онлайн- конференция өткізілді.
Конференция жұмысына облыстағы волонтерлік қызметтің жетекші сарапшылары, үйлестірушілері, мемлекетік ұйымдар, ҮЕҰ өкілдері, университет оқытушылары мен студент жастар қатысты.
Ғылыми шара барысында студенттердің волонтерлік қызметін сапалы жүзеге асыру бағытында көптеген пайдалы ұсыныстар мен ұтымды пікірлер айтылды.