Yessenov University-де оқу процесін автоматтандыратын «Univer» жүйесі жұмыс істейді.

«Univer» жүйесі білім беру жүйесін басқару үдерістерін тиімді ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ оқу үдерісін басқаруға арналған. «Univer» жүйесінде университет білім алушыларының өз бетінше дайындалуы үшін оқу материалдары қолжетімді.

Online сабақтар Google Hangouts Meet сервисі арқылы жүргізіледі. Yessenov University сайт әзірленді (lessons.yu.edu.kz) студенттер мен ПОҚ бекітілген кестеге сәйкес виртуалды аудиторияға кіріп, online сабақ өткізеді.
Сондай-ақ Moodle білім беру порталы базасында аударылған сынып әзірленді және http://dl.yu.edu.kz мекен-жайы бойынша қолжетімді.
Порталдың әрбір пайдаланушысында логин мен пароль, кіру деңгейі бар. Пайдаланушы университеттің Google аккаунты арқылы сәйкестендіріледі.
«Төңкерілген сынып» моделі бейнелекцияны, дәстүрлі оқу материалын қолдануды және тақырыпты бастапқы меңгеруге арналған тесттерден өтуді қамтиды.