8 ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай әдеби-сазды кеш өтті

«Педагогика» факультетінде жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Жылап қайттым өмірдің базарынан…» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кештің мақсаты – ақынның туындылары арқылы студенттерді әсемдікке, ұлтжандыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу. Кеште студенттер өз туындыларын оқып, шығармашылықтарын ортаға салды.