Yessenov University мен Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша цифрлық білім беру ресурстарын, білім беру және зерттеу бағыттарын, жаңа озық технологияларын дамыту, сондай-ақ ынтымақтастық үшін тікелей байланыстар орнату мақсатында Yessenov University басшылығы жоспарланған іс-сапарын Д. Серікбаев. атындағы  Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университетінде жалғастырды. Кездесуге С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің жаңа ректоры Мұхтар Төлеген қатысты. Дөңгелек үстел барысында «Машина жасау» мамандығы бойынша магистранттарға ұтқырлық бағытында жұмыстар, сонымен қатар Қытай, Моңғолия, Ресей және т.б. мемлекеттерінен талапкерлерді тартуда бірлесіп әрекет ету мәселелер талқыланды.

Университет ректоры Жасұлан Шаймарданов университеттің зертханаларымен, «Үлкен Алтай» мұражайымен және тарихымен таныстырды. Сонымен қатар «Цифрлі университет» жобасының тұсаукесерін өткізді.

Кездесу соңында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.