Translation Studies

6В02302-Аударма ісі білім беру бағдарламасы Университеттің миссиясын, саяси және стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталған: Маңғыстау өңірінің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз ететін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну.
6В02302-Аударма ісі білім беру бағдарламасы мамандық түлегіне қажетті негізгі құзыреттілікті қалыптастыруға жаңа көзқарасты ұсынады. Білім беру бағдарламасы аударма, ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-технологиялық, өндірістік-басқару, мәдени-ағартушылық жұмыстарды орындау саласында мамандарды даярлауға бағытталған.

Дағдылар

• Болашақ аудармашылардың кәсіби маңызды қасиеттерін, аудармашылық біліктерін қалыптастыру және дамыту.
• Аударма қызметі бойынша оқытудың барлық түрлері мен әдістерінің ұтымды арақатынасын орнату арқылы практикалық білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру;Использовать технику переводческой записи в последовательном устном переводе, различать этапы процесса устного перевода;
• Қазіргі шет тілінің лексикасын оның шығу аясы тұрғысынан талдау;
• Коммуникативті мінез-құлықтың түрлі түрлерін дұрыс түсіндіру қабілеті, мәдени қабылдаушылықты ажырату;
• Мәдениетаралық қарым-қатынастың нақты жағдайларында алған білімдерін тәжірибеде қолдану.

Басты қызметтер

• аударма (әртүрлі жанрлық мәтіндер мен құжаттардың жазбаша аудармасы, келіссөздердің, халықаралық кездесулердің, конференциялардың ауызша аудармасы);
• ұйымдастыру (әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіби және қоғамдық органдар мен ұйымдарды құру);
• отандық, шетелдік және бірлескен кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің тиісті бөлімшелерінде өндірістік-басқарушылық (басшылық және/немесе кәсіби міндеттерді орындау (аударманың әр түрлі түрлері) );
• шығармашылық (әдеби шығармаларды шет тілінен ана тіліне және туған тілінен шет тіліне көркемдік аудару));
• ақпараттық-талдамалық (әлеуметтік-саяси талдауды жүзеге асыру, іскерлік хат-хабарларды, есептерді, шолуларды, ахуалдың болжамдарын жасау);
• баспа (аударма, түзету, баспа өнімдерін редакциялау);
• ғылыми-зерттеу (тәжірибелік материалдарды жинау және өңдеу, аударматану және мәдениетаралық коммуникация мәселелері бойынша баяндамалар мен мақалалар дайындау);
• БАҚ қызметі.