Өлең-сөздің патшасы

Share on social networks
27 сәуір күні Yessenov University-де Абай Құанбайұлының 175 жылдығына арналған онлайн форматта «Өлең - сөздің патшасы, сөз - сарасы» атты Абай өлеңдерін оқу, әндерін орындаудан университетішілік челлендж онлайн байқауы өтті.

Ұлы Абайдың халқымен мәңгі жасасып келе жатырған мұраларының уызға жарып өсіп, терең тамырдан, дәстүр мен діннен, халықтық таным мен пайымнан қол үзбей, ұлттық, елдік, рухани құндылықтарды жырлауын әрбір қатысушы шығармаларын шебер орындаулары, тыңғылықты дайындықтарымен көрсете алды.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.