ӘНЕС САРАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН  «ТЕҢІЗ ЖЫРШЫСЫ» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

2-наурызда Yessenov University және Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург, журналист, тарихшы Әнес Сарайдың шығармашылығына арналған  «Теңіз жыршысы» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

 

Кешке Ә.Сарайдың жары – жазушы, қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова және жазушының қаламдас замандастары (онлайн), унниверситет оқытушылары мен студенттері қатысты. Әнес Сарайды еске алу кеші оның шығармалары туралы лебіздермен нақышталып, естеліктермен безендіріліп, ән-жырмен көмкерілді.