СТУДЕНТТЕРІМІЗ ӘЗІРБАЙЖАНДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасында оқитын 2-курс магистранттары Баку қаласындағы Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университетінде 20 ақпаннан бастап, 4 күн ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Тағылымдаманың негізгі мақсаты – зерттеулер мен инновацияларды жетілдіру, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен танысу, тәжірибе алмасу және ғылыми байланыстарды кеңейту. Сапарының бағдарламасына UNEC (Әзірбайжан мемлекеттік Экономикалық Университеті) факультеттері мен орталықтарының жұмысымен танысу, оқытушы-профессорлар құрамымен, студенттермен кездесулер, университеттің кітапханасына бару, қаланың көрнекті жерлерін аралау, библиографиялық материалдармен жұмыс кірді.

 

7/24 жұмыс жасайтын UNEC кітапхана директоры Арзу Мамедова және Халықаралық магистратура және докторантура орталығы директорының орынбасары Айтен Гусейнли арнайы таылымдама бағдарламасына сәйкес магистранттарға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру жолдары бойынша ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, магистранттар оқу үдерісімен танысып, университет кітапхасында диссертациялық тақырыптары бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізді. 

 

Қорытынды кезеңінде магистранттарға арнайы сертификаттар табысталды. Шетелдің жоғары оқу орнында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берген Yessenov University басшылығына магистранттар өз алғыстарын білдіреді.