2 қараша күні Yessenov University Президенті Берік Ахметов АҚШ Елшілігінің мәдениет және білім мәселелері жөніндегі атташесі Эмбер Ора және Айова (АҚШ) университетінің өкілдерімен кездесті.
Кездесуге Айова венчурлік мектебінің Адъюнкт-лектор-нұсқаушысы Грегг Баркус, Халықаралық бизнес институтының профессоры және гранттық бағдарламалардың әкімшісі Келли Бедеян қатысты.
Екі ел ынтымақтастығы аясында Есенов университетінің Каспий кәсіпкерлік орталығы базасында Адъюнкт-лектор-нұсқаушысы Грегг Баркус «Кәсіпкерлік негіздері» оқу бағдарламасының оқытушы-менторларына арналған 3 күндік күндізгі тренинг өткізеді. Тренингте ұстаздар бизнес пен корпорацияларды дамыту, капиталдандыру және орындау стратегиялары, сондай-ақ технологияларды пайдалану туралы үйренеді.
Сондай-ақ, Президент Берік Ахметов делегация мүшелеріне АҚШ-тың Айова университетінен Есенов университетінің қабырғасында қосымша басқарушылық білім беру, жалпылама шетелдік жоғарғы оқу орындарына дайындайтын оқу бағдарламасын енгізу, Ақтау қаласында «American corner» АҚШ жөнінде ақпарат беретін орталық ашуды ұсынды.