Dr. Sheku Ahmed Fofanah

16 қараша күні Yessenov University Президенті Берік Ахметов Visiting Professor бағдарламасы аясында Ұлыбританияның London Commerce School университетінен арнайы шақыртылған профессор  Dr.  Sheku Ahmed Fofanah-ты қабылдады.  

 

Профессордың білімі мен дағдыларын тиімді пайдалану мақсатында «Менеджмент», «Мемлекеттік басқару» бағытында университет ғалымдарымен бірлесе ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарланды. 

 

Сонымен қатар,  профессор-оқытушылар құрамына да біліктілікті арттыру мақсатында және «Бизнес және құқық» факультеті, «Менеджмент», «Экономика» және «Қаржы» кафедраларының бакалавр және магистратура бағыты бойынша білім алушыларына дәріс оқу, магистрлік диссертацияларына кеңес беру туралы талқыланды. 

 

Профессор  Dr.  Sheku Ahmed Fofanah университетте 10 желтоқсанға дейін болады. Осы уақытты тиімді пайдаланып, тиісті мамандық студенттеріне кеңес сұрауға мүмкіндік бар.