Digital Talent Lab: 01EDU AI Edition

Yessenov University-де Open Lab Day «Digital Talent Lab: 01EDU AI Edition» өтті!

Іс-шараға студенттер, мектеп оқушылары, профессорлық-оқытушы құрамы, IT-компаниялар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында peer-to-peer әдістемесіне және жаһандық стандарттарға негізделген халықаралық 01EDU білім беру бағдарламасы таныстырылды.
Қонақтар Technopark зертханаларымен, VR/AR, AI және смарт-технологиялар мүмкіндіктерімен танысты.

Қатысушылар жоба таныстырылымдарына, мастер-класстарға және сарапшылармен ашық сессияларға белсенді қатысты.
Ерекше назар — болашақ құзыреттерге және жастардың кәсіби бағдарында жасанды интеллекттің рөліне.

Форум аясында индустриялық серіктестердің қатысуымен ашық диалог алаңы құрылып, 01EDU бағдарламасының жаңа буын цифрлық көшбасшыларын даярлаудағы маңызы көрсетілді.