25 қараша күні Каспий өңірі елдерінің мемлекеттік университеттер қауымдастығы (ASUCRC) ректорларының “COVID – 19 пандемиясы кезеңіндегі ASUCRC өзара іс-қимылы” тақырыбында онлайн
вебинары өтті.
Вебинарға профессор Хосейн Салар Амоли (халықаралық ғылыми ынтымақтастық министрінің міндетін атқарушы, MSRT, Иран) қатысты. ASUCRC атқарушы директоры, профессор Юрий Пименов (РФ) Астрахань мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Константин Маркелов (РФ) өткен жылғы қауымдастық жұмысы туралы айтып берді, қауымдастық шеңберінде құрылған зерттеулер жөніндегі комиссияның қызметі туралы баяндады.
Сондай-ақ кешенді қауіпсіздік, геосаясат, экологиялық қауіпсіздік жəне басқа бағыттар бойынша зерттеу кіші комиссияларын құруды ұсынды. Yessenov University ректоры Берік Ахметов ЖОО-лардың пандемия кезінде кездесетін негізгі проблемалары мен сын-тегеуріндері туралы айтып берді.