M08.028

Қосымшаларды орындау ортасы

Course ID
M08.028
Campus
24 мкр.
Level
Магистратура
Semester
2
Credit
5
Method

Мазмұны

Пән бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау және әзірлеу саласындағы базалық кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға, құрылымдық және объектті-бағытталған бағдарламалаудың парадигмаларымен танысуға, С++ тілдерінде бағдарламаларды әзірлеу технологиясын оқып үйренуге, мәліметтердің негізгі түрлерін және күрделі алгоритмдерді меңгеруге, қолданбалы бағдарламаларды әзірлеуде теориялық білімді қолдануды үйренуге бағытталған.

Оқыту нәтижелері

Курс соңында магистрант:
– бағдарламалаудың негізгі парадигмаларын; БҚ әзірлеудің негізгі кезеңдерін, әдістері мен стандарттарын; ерекше жағдайларды өңдеу және типтерді түрлендіру принциптерін; Windows үшін қосымшаларды визуалды компоненттік жобалау принциптерін біледі;
– мәтіндік және графикалық интерфейсі бар бағдарламалау ортасын пайдалана отырып бағдарламалар әзірлейді; құрылымдық бағдарламалаудың негізгі принциптерін жүзеге асырады; мәліметтердің негізгі түрлерін, стандартты кітапхананың функциялары мен сыныптарын, бағдарламалау ортасының компоненттерін қолданады;
– бағдарламалаудың интеграцияланған ортасының мүмкіндіктерін пайдалану; қателерді жөндеу және іздеу, сонымен қатар пәндік салада бағдарламалаудың қолданбалы есептерін шешу үшін кәсіби құралдарды меңгерген;
– жүйелік талдау және математикалық үлгілеу әдістерін қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық есептер мен процестерді талдау қабілетін көрсетеді.