M08.026

Заманауи мәліметтер қорын басқару жүйесі

Course ID
M08.026
Campus
24 мкр.
Level
Магистратура
Semester
1
Credit
5
Method

Мазмұны

Пән магистранттардың мәліметтер қорын басқарудың қазіргі заманғы жүйелерін пайдаланумен байланысты негізгі мәселелер мен шешу тәсілдерін, мәліметтер қорын басқару процесін автоматтандыру тәсілдері, құралдары мен технологияларын, объектті-бағытталған мәліметтер қорын жобалаудың қазіргі әдістерін және бағдарламалық құралдарын зерделеуге, білім алушылардың мәліметтер қорын басқару процесін автоматтандыру технологияларын зерделеуге бағытталған.

Оқыту нәтижелері

Курс соңында магистрант:
– мәліметтер қорын басқарудың қазіргі заманғы жүйелерін пайдаланумен байланысты негізгі мәселелер мен шешу тәсілдерін, мәліметтер қорын басқару процесін автоматтандыру тәсілдері, құралдары мен технологияларын біледі;
– объектілі-бағытталған мәліметтер қорын жобалаудың заманауи әдістері мен бағдарламалық құралдарын қолданады;
– мәліметтер қорын басқару процесін автоматтандыру құралдары мен технологияларын тәжірибелік қолдану дағдыларын көрсетеді;
– командада ғылыми-зерттеу, жобалау және пайдалану қызметін ұйымдастыру қабілетін көрсетеді.