M08.014

АЖ қорғанысты жүзеге асырудың компьютерлік құралдары

Course ID
M08.014
Campus
24 мкр.
Level
Магистратура
Semester
1
Credit
5
Method

Мазмұны

Пән магистранттарды ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін зерттеудің ғылыми және қолданбалы аспектілерімен, ақпараттың тұтастығы мен құпиялылығын сақтау мүмкіндіктерімен таныстыруға, ақпараттық қауіпсіздіктің мәнін түсінуді қалыптастыруға, ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін жіктеуге, кәсіпорындарда ақпаратты қорғауды ұйымдастыру принциптерін зерделеуге, ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің негізгі түрлерін анықтау әдіснамасына, АҚ қамтамасыз етудің бағдарламалық-аппараттық құралдарын қолдануға бағытталған.

Оқыту нәтижелері

Курс соңында магистрант:
– белгілі бір түрдегі ақпаратты қорғауға қойылатын негізгі талаптарды қолданады;
– ақпаратты қорғау саласындағы зерттеулер мен әзірлемелердің нақты кәсіптік нәтижелеріне қол жеткізу үшін инновациялық тәсілдерді тәжірибелік қызметке енгізеді;
– АЖ қорғауды қамтамасыз етудің заманауи әдістері мен компьютерлік құралдарын меңгерген;
– командада жұмыс атмосферасы мен жағдайды жасау және қолдау қабілетін көрсетеді; ұйымдастырушылық-басқару шешімдерін табады және олар үшін жауапты болады.