M.005

Менеджмент

Course ID
M.005
Campus
24 мкр.
Level
Магистратура
Semester
1
Credit
5
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты: жоғары белгісіздік жағдайында күрделі өзгермелі ортада жұмыс істейтін ұйымды тиімді басқару принциптерін, әдіснамасын түсінуге қол жеткізу.
Пәнді оқу магистранттардың ұйымның жоғары тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін практикалық қызметте басқару дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Бұл бағдарламада менеджмент функциялары, ұйымда өзгерістер жүргізу, жанжалдарды, ұйымдастыру мәдениетін басқару мәселелері қисынды түрде қарастырылады.

Оқыту нәтижелері

Курс соңында студент:
– менеджмент негіздерін түсіндіреді, персоналды басқару әдістерін түсіндіреді,
– кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберінде басқару қызметінде персоналды басқару және менеджмент негіздері білімін қолданады,
– персоналды басқару әдістемесін бағалайды, кәсіпорынды және ұжымды басқару стратегиясын жасайды,
– қоғамда және кәсіби ортада коммуникативтік дағдыларды көрсетеді, топта жұмыс істейді, даулы жағдайларды шешеді, өз пікірін ұжымның пікірімен салыстырады.