B04.036

Нақты айнымалды функциялар теориясы 2

Course ID
B04.036
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
5
Credit
6
Method

Мазмұны

Пәнді оқыту мақсаты: математикалық талдау бойынша білімді кеңейту, студенттердің қажетті ғылыми деңгейде кәсіби дағдыларды табысты игеру үшін конструктивті ойлау қабілетін дамыту. Пәннің негізгі ережелері қолданбалы математиканың математикалық білімінің негізі болып табылады. Пәннің мазмұны: бір айнымалы функцияны интегралдық есептеу, анықталған интегралдың қосымшасы, көп айнымалы функцияны зерттеу.

Оқыту нәтижелері

көп нақты айнымалы функциялардың дифференциалдық, бір айнымалы функциялардың интегралдық есептеудің негізгі ұғымдары, әдістерін біледі, түсінеді; интегралды геометрия, механика есептерін шешуде қолданады; кәсіби қызметте математикалық талдаудың негізгі әдістерін қолданады; бұрын алынған білімді талдайды және жүйелендіреді, қолданбалы есептерді шешу үшін математикалық талдау әдістерін қолдану дағдыларын меңгереді; практикалық ұсыныстарды жинақтайды, негізгі тұжырымдардың дәлелдерін жүргізеді, негізгі сандық әдістерді қолдану алгоритмін жасайды; алынған нәтижелерді дұрыс бағалайды және салыстырады, өзін-өзі дамытуға оңтайлы жолдарды таңдайды.