29 қараша күні Yessenov University ҚХА кафедрасының ұйымдастыруымен Чернобыль АЭС-дағы апаттың 35 жылдығына арналған «Чернобыль біздің жадымызда» атты қорытынды іс-шара өткізілді.
Шараға Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысушы ардагерлер, белгілі өлкетанушы ұзақ жылдар бойы Маңғыстау облысының тарихи өлкетану мұражайының басшылық қызметін атқарған Т.Қ.Жұмалиева, ҚХА кафедрасының оқытушылары, студент жастар қатысты.
Кездесу барысында «Чернобыль біздің жадымызда» тақырыбында студенттер арасында жүргізілген онлайн тесттің қорытындылары жарияланып, үздік нәтижеге жеткен жеңімпаздар Маңғыстау облысының «Чернобыль» ұйымының I, II, III дәрежелі дипломадары және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, кездесу барысында ардагерлер естелік әңгімелерімен бөлісіп, Чернобыль АЭС апаты мысалында экологиялық мәселерді жетілдіру бағытында көптеген пайдалы ұсыныстар мен ұтымды пікірлер айтылды.