Каспий теңізін зерттеу орталығы

Каспий теңізін зерттеу орталығы (КТЗО) университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және су массасының, жағалау аймағы мен Каспий теңізінің жағалауларының экологиялық жағдайын, теңіз ортасындағы климаттық және антропогендік өзгерістерді зерттеу және бақылау саласында ғылыми-зерттеу, ғылыми, әдістемелік және қоғамдық жұмыстарды жүзеге асырады.

КТЗО мақсаты Каспий теңізінің экологиялық жағдайы, аймақтық климаттың өзгеруі, Каспий аймағындағы экологиялық менеджмент саласында зерттеулер жүргізу, осы салада халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы халықты хабардар ету.

Жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін КТЗО келесі міндеттерді шешеді:

1. Ғылыми-зерттеу жұмысы бағытында:

  • Ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады және ғылыми байланыстарды үйлестіреді;
  • басқа республикалық, шетелдік және халықаралық ғылыми ұйымдармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді;
  • Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Каспий теңізінің экспедициялық зерттеулерін ұйымдастырады;
  • аймақтың тұрақты дамуы үшін экологиялық мониторингті ұйымдастыруға ықпал етеді;

2. Ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік қызмет бағытында:

  • Каспий маңы аймағының экологиялық, табиғаты қорғау және табиғаты пайдалану бағыттары бойынша семинарлар, ғылыми және практикалық конференциялар ұйымдастырады және өткізеді;
  • Зерттеулерді адып баруда ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етеді;
  • Жас ғалымдарға, магистранттарға, ізденушілерге тағылымдамалар мен кеңестер ұйымдастырады;
  • гуманитарлық, білім беру және білім беру аймақтық бағдарламаларына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетеді;
  • Университет қабырғасында кадр әлеуетін артыруға және Каспий теңізін зерттеу, бақылау саласында білікті мамандар даярлауға ықпал етеді;
  • Каспий теңізінің экологиялық және климаттық проблемаларына қоғамның назарын аудару үшін бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат береді;
  • Каспий теңізінің қазақстандық секторында зерттеуге бюджеттен тыс қаражат тарту мақсатында гранттар, соның ішінде халықаралық конкурстарға конкурстық өтінімдерді дайындайды және ұсынады;
  • Университетте Каспий теңізі бойынша зерттеулер жүргізуде халықаралық ынтымақтастықты үйлестіреді.