Бокстан ХІІ жазғы Универсиада басталды

Бокстан Универсиада жарыстарына ерлер арасында 17, әйелдер арасында 12 жоғары оқу орны қатысады.

Универсиада 24 мамыр-23 маусым аралығында Ақтау қаласында 17 спорт түрінен өтуде: жүзу, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жеңіл атлетика, футзал, каратэ-до, баскетбол 3*3, бадминтон, волейбол, таэквандо, еркін күрес, дзюдо, грек-рим, қазақ күресі, әйелдер күресі, бокс. Мұнда 272 алтын, 272 күміс, 396 қола, 96 кубок, 1036 диплом сарапқа салынады.