Болашақ мемлекеттік қызметшілер үшін жаңа мүмкіндік!
Кеше студенттеріміз Аумақтық Департаментте өткен «Ашық есік күніне» қатысты. Бұл шара мемлекеттік қызметтің қыр-сырымен танысу, оның ашықтығы мен жаңашылдығын түсіну мақсатында ұйымдастырылды.
Студенттер мемлекеттік қызметтің қыр-сыры туралы тың ақпарат алды
Өзекті сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен тестілеу орталығының қызметімен танысты
Облыстың Ситуациялық орталығында ақпараттық мониторингтің жұмысын көрді Осындай іс-шаралар жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырып, болашақ маман ретінде өз орнын табуға көмектеседі!