“Біз таланттарды іздейміз!” атты конкурс өтті

26 ақпан  күні Yessenov University  шығармашылық үйірмелерінің ұйымдастыруымен “Біз таланттарды іздейміз!” атты конкурсы  өтті.

Жастар  шығармашылығын  одан әрі дамыту,  дарынды студенттерді анықтау, оларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараға «Mańǵystaý» телеарнасының жүргізушісі мен Н. Жантөрин атындағы музыкалық  драма театры актері  қонаққа шақырылды.

Конкурсқа қатысушылар халықтық музыка, эстрадалық әндер, хореография, театрлық өнер,  жүргізуші және мүшәйра бағыттарында өнер көрсетті.

Конкурсқатың қорытындысы:

«Халықтық музыка» номинациясы күй тартысы бойынша І орынға «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығының  2-курс   студенті Жолдасбаев Бекарыс ие болды;

«Халықтық музыка» номинациясы жыр-терме бойынша І орынға «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті Жұмаханов Ербол және «Құқықтану» мамандығының 1-курс студенті Балқожа Арман ие болды;

«Эстрадалық әндер» номинациясы бойынша «Физика» мамандығының 2-курс студенті Тойлы Данияр және «Құқықтану» мамандығының 1-курс  студенті  Күзембаев Мадияр жеңіске жетті;

«Хореография» номинациясы бойынша «Менеджмент» мамандығының 2-курс студенті Ескаир Арзу І орын алды;

«Театрлық өнер» номинациясы бойынша І орынға  «Экология» мамандығының 2 курс студенті Анеля Сарсенбаева ие болды;

«Жүргізуші» номинациясы бойынша І орынды Укиев Рахат «Машина жасау» мамандығының 3 курс студенті жеңіп алды.

Конкурс соңында тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің маманы Сәндігүл Ержанова қатысушыларды құттықтап, оларға шығармашылық табыс тіледі.