Yessenov University-де Қазақстан Республикасында «Нашақорлыққа қарсы есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» жүзеге асыру мақсатында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты профилактикалық кездесу өткізілді.
Іс-шараны Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті басқармасы мен облыстық психикалық денсаулық орталығы ұйымдастырды.
Шара ұйымдастырушылары Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысна қарсы іс-қимыл басқармасы және облыстық психикалық денсаулық орталығы уәкілдерімен жүргізілді. Кездесуге облыстық полиция департаменті ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі полиция капитаны А:Әмірғалиева, «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК директоры М.Токанов және «Біз спорт үшін, есірткіге қарсымыз» қоғамдық қорының жетекшісі Р.Уразимбетов, сондай-ақ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Е.Урханов қатысты.
Спикерлер жастарды дұрыс жолды ұстанып, спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды және студенттердің тарапынан сұрақтарына жауап берді.