Yessenov University Теңіз академиясын дамыту перспективасын жалғастыру жолында YU делегациясы Норвегиядағы Оңтүстік-Шығыс университетінің (USN) вице-президенті, модельдеу менеджері, Kongsberg Digital компаниясының қозғалтқыштары мен жүктерін өндіру жөніндегі директоры, аймақтық сату менеджері және бизнесті дамыту жөніндегі директорымен кездесті.
Аталмыш Kongsberg компаниясы экстремалды жағдайларда ерекше өнімділікті қамтамасыз ететін озық технологияларды әзірлеуге маманданған.
Университет делегациясымен сапар барысында кеме тренажерларымен және кеменің машина бөлмесімен танысуы өтті.
Делегация мүшелері кемені виртуалды басқарудың және осы саладағы мамандардың алдында тұрған міндеттердің күрделілігін бағалауға мүмкіндік болды.
Сонымен қатар, іссапар аясында Yessenov University-мен Конгсберг компаниясы арасында ниет туралы келісімге қол қойылды.
Бұл келісім теңіз инженериясындағы зерттеулер мен әзірлемелер бойынша белсенді ынтымақтастықты кеңейтеді.
Таяуда Теңіз жаттығу орталығы РМРС сертификатын алған болатын. Ендігі мақсат – халықаралық сертификаттау және жіктеу қоғамы болып табылатын DNV GL-де танылу.
Оңтүстік-Шығыс Норвегия университетіне сапар барысында екі оқу орны арасында тәжірибе мен білім алмасудың мүмкіндігі болды. Бірлескен жобалар және зерттеулермен жұмыс істеу теңіз инженериясы мен кеме қатынасын дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді.