Білім берудегі саралау және инклюзия

«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5-қаңтардағы №4 бұйрығы негізінде (6.3-тармақ «Әдістеме бойынша біліктілігін арттырудан немесе тағылымдамадан/қайта даярлаудан өткен мамандардың болуы») 2024 жылдың 29-қаңтарда Үздіксіз білім беру институты ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Білім берудегі саралау және инклюзия» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.

Курс барысында ПОҚ инклюзивті білім беру жағдайында педагогтің қызметінде кездесетін кедергілер мен қиындықтарды шешу жолдарымен танысады.

Курс тренері «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институтының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы М.А.Сахарбаева инклюзивті білім беру ортасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың психофизиологиялық және тұлғалық даму ерекшеліктерін білудің, оларды тәрбиелеу және оқыту әдістерін меңгеру, білім беру процесін педагогикалық және дидактикалық жобалаудың маңыздылығын атап өтті

Курс барысында тыңдаушы-педагогтар сұрақтар қойып, өзекті тақырыптарды талқылап, тәжірибелерімен бөлісті. Алдағы уақытта ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығын іске асыру мақсатында оқыту курстарын кезең-кезеңімен өткізу жоспарлануда.