«Білім беру процесіне жасанды интеллектті енгізу: практикалық аспектілер» тақырыбындағы курсқа тіркелу жарияланады!

Курс педагогтердің эмоционалдық тұрақтылығын нығайту және кәсіби деформациясының алдын алу үшін жасанды интеллектті қолдануға арналған. Қатысушылар AI құралдарын пайдалану арқылы стресс деңгейін қадағалау, өзін-өзі қолдаудың тиімді стратегияларын қалыптастыру және эмоционалдық әл-ауқатын сақтау тәсілдерімен танысады. Курс аясында жасанды интеллектті күнделікті педагогикалық қызметке бейімдеу әдістері, сондай-ақ білім беру ортасындағы психологиялық ахуалды жақсартуға ықпал ететін платформалар мен қосымшалар мысалдары қарастырылады. Сонымен қатар, курс кәсіби деформация мәселелерін және оны технологиялардың көмегімен болдырмау әдістерін қамтиды.

Курс қазақ  тілінде жүргізіледі.
 
Өтетін уақыты: 18.12.2024-27.12.2024
Орны: Yessenov University бас корпусы