25 сәуір күні Yessenov University ғимаратында “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мекемесімен бірлесіп жасалған әлеуметтік жоба аясында жұмыссыз азаматтармен кездесу өтті. Осы жоба аясында университет “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мекемесіне Есенов білім беру интенсиві атты бағдарламаны жүзеге асыруда. Бағдарлама шеңберінде екі айлық оқу үрдісі жүргізіледі. Кездесуге Yessenov University ректоры Б. Ахметов, ММГ бас директоры Ли Тецян, Қарақия ауданының әкімі Қ. Беков және Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары қатысып, білім алушыларға интенсивтің мақсатын түсіндіріп, сәттілік тіледі.
“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ және Yessenov University тарапы өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатсатында мекеменің ішкі ұжымдық мәдениетімен таныстыру, мұнай-газ ісінің негіздерін оқыту, эмоционалдық интеллект тақырыптары аясында 5 модульді үйретіп, курс соңында арнайы сертификат табыстап, әрі қарай жұмысқа орналасуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, білім алушылар тегін жатақханамен, 60 теңге шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Оқу бағдарламасы аясында түрлі үйірмелер, спорттық секциялар және демалыс күндері конкурстар, волонтерлық іс-шаралар, экскурсиялар ұжымдық мәдениетті арттыратын team building-тер қарастырылған.