Баку қаласында іс-сапарда болды

15  мамыр күні Yessenov University басшылығы университетті дамытудағы басымдықтардың бірі болып саналатын білім беру қызметтерін экспорттау, интернационализацияны дамыту және Yessenov University-ді Каспий маңы елдеріндегі білім беру хабы ретінде дамыту мақсатында Баку қаласында іс-сапарда болды.

Бүгінгі таңда еліміздегі жоғарғы оқу орындары үшін  сапалы, әрі динамикалық түрде дамып келе жатқан халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы халықаралық ынтымақтастық орнатуда маңызды бағыт болып табылатындығы анық. Осы орайда Yessenov University делегацияcы Әзірбайжан Республикасындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі Әзірбайжан Мемлекеттік Теңіз Академиясында болды.

Кездесу барысында Yessenov University мен Әзірбайжан Мемлекеттік Теңіз Академиясы арасындағы екі дипломдық білім беру аясында білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту мақсатында келіссөздер жүргізілді.