Аймақтық семинар өтті

Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының ұлттық кеңсесі Yessenov University-мен бірлесе  «Жоғары оқу орнының дербестік жағдайындағы академиялық саясаты: ұйымдастыру қағидалары және жүзеге асыру тетіктері» атты аймақтық семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – білім беру субъектілерінің академиялық адалдық ережелерін әзірлеу және талқылау негізінде академиялық саясатты тиімді жүзеге асыру бойынша ЖОО құрылымдық бөлімше өкілдерінің  құзыреттерін дамытуға қолғабыс ету.

Қазақстандағы жоғары білімді реформалау бойынша сарапшылардың ұлттық командасының мүшелері Өмірбаев С.М. және Ахмед-Заки Д.Ж. лектор ретінде сөз сөйледі.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.