Атамекен рейтингінің қорытындылары

2024 жылғы 21-27 ақпан аралығында оқу-әдістемелік басқарма Атамекен рейтингінің қорытындыларын талқылау, атап айтқанда жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларының мазмұнын бағалау бойынша кафедралармен кездесулер өткізді. Талқылауға кафедра меңгерушілері мен білім беру бағдарламаларының үйлестірушілері қатысты. “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының ұсыныстары қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша кафедралар сарапшылардың барлық ұсынымдарына терең талдау жүргізіп, 2024 жылғы қабылдаудың білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша шаралар ұсынды.