Ата Заң — тәуелсіздік тірегі

4 сәуір күні Yessenov University-де Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң — тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен «Бизнес және құқық» факультеті студенттерімен кездесу өтті.

Кездесуге Конституциялық Сот судьясы Жатканбаева А.Е., ҚР Бас прокурорының көмекшісі Мажитов Р.С., Конституциялық Сот аналитигі Бердібаева А.Қ., МО Прокуратурасы басқарма басшысы Боранбаева М., МО бойынша заңи кеңестер Палатасы басшысы Машинский И.Ю. қатысты.

Кездесуде еліміздің құқықтық жүйесінде ҚР Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері талқыланды. Қатысушылар заңдар мен басқа да нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігін қамтамасыз етуде орталық рөл атқаратын Конституциялық Соттың тиімді жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.

Конституциялық Соттың азаматтардың отбасылық қатынастар саласындағы құқықтарының бұзылуына қатысты істерді қараудағы рөлі және Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды қорғауды нығайту үшін құқықтық тетіктерді жақсарту мүмкіндіктері де талқыланды.