14 қаңтар күні ҚР Бiлiм және ғылым министрi Асхат Аймағамбетов Маңғыстауға жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында Yessenov University оқу базасына келіп университеттің даму стратегиясымен және академиялық артықшылық орталығымен танысты.
Сондай-ақ оқу орны территориясында салынып жатқан 500 орындық жатақхана құрылысын бақылады. Одан кейін университетке қарасты қазір студенттер тұрып жатқан жатақханалардың жағдайын көріп, қысқы демалыс кезінде қалған шетелдік студенттердің хал-жағдайын сұрасып, әңгімелесті.