2022-2023 жылғы оқу жылына жаңадан қосылған тағы бір білім беру бағдарламасы – Арнайы педагогика (дефектология) – Дуальды оқыту арқылы жүзеге асырылады.
Бұл бағдарламаның мақсаты:
– инклюзивті, арнайы білім беру және білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу саласында сапалы білім, білік және дағдылармен; кәсіпкерлік, зерттеу, сандық дағдылар;
– инновациялық және жаһандық ойлау, жеке және рухани-адамгершілік қасиеттер;
– өзін-өзі дамытуға және кәсіби дағдыларды жетілдіруге қабілетті арнайы педагог-тьюторды (дефектолог) даярлау.
Аталған маман мектепке дейінгі, арнайы, жалпы білім беретін орта мектептер, баланы дамыту орталықтары, түзету кабинеттері; ПМПК, ерте араласу кабинеттері; психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік сүйемелдеу орталықтарында ерекше балалармен диагностикалық-түзету-дамыту жұмыстарын жүзеге асырады.