25 қыркүйек күні Yessenov University жанындағы «Аналар кеңесі орталығында» маңызды кездесу өтті. Шара аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет студенттер мен аналар кеңесі мүшелерімен жүздесіп, отбасылық құндылықтар жайында ой бөлісті.
Кездесуде Бас мүфти отбасының қоғамдағы орны мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне тоқталып, татулық пен сыйластықта өмір сүрудің маңызын ерекше атап өтті.
Іс-шараға Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының Аналар кеңесі мүшелері қатысып, ой-пікір алмасып, болашақ ұрпақ тәрбиесі жайында пікірлерін ортаға салды.
Yessenov University үшін бұл кездесу – отбасы институтын нығайтуға, ұлттық тәрбиені дәріптеуге және қоғамның рухани дамуына қосылған маңызды үлес.