Aktau Dialogue: Green Hydrogen

2 қазан күні Yessenov University-де өткен «Актау Диалог» халықаралық алаңының екінші күні өңірдің маңызды тақырыптарына арналды. Қатысушылар жасыл сутегі технологиялары мен Каспий теңізінің экологиялық болашағын талқылады.

Форум сессияларында ғалымдар тұрақты энергетика саласындағы соңғы зерттеулерін таныстырып, жасыл сутегінің әлеуетін көрсетті, ал экологиялық ұйымдар Каспийдің биоалуантүрлілігін сақтау, климаттық өзгерістерге қарсы шараларды ұсынды. Арнайы сессияда Германия мен DKU сарапшылары сутегі энергетикасын дамыту жолдарын ортаға салды.

Құрметті спикерлер қатарында: Dr. Sebastian Timmerberg (Hamburg University of Applied Sciences); Prof. Dr. Tobias Plessing (Hof University of Applied Sciences); Manuel Andresh (H2 DIPLO, Астана); Ульрих Кинне, Германия Елшісінің орынбасары; Prof. Dr. Волрад Роммель, DKU Президенті сөз сөйледі.

KINI институтының серіктестері мен студенттер академиялық ұтқырлық, қос дипломды бағдарламалар және Германиядағы тағылымдамалар туралы пікір алмасты.