2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне және АҚШ-қа бакалавриат студенттері үшін шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша гранттық конкурсқа қосымша құжаттарды қабылдау жарияланады.
Қабылдау талаптары:
1. Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
2. 2022-2023 оқу жылы кезінде 2 немесе 3 курс студенті болуы;
3. GPA 2,67 немесе одан жоғары болуы;
4. Кем дегенде B2 деңгейіндегі тілді меңгеру сертификатының болуы
5. Университет алдында академиялық немесе қаржылық қарыздарының болмауы;
6. Гранттық негізде оқу.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тізімін ұсыну қажет:
1) Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі;
2) ЖОО мөрі басылған ағымдағы үлгерім бойынша транскрипт;
3) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат.
Қажетті құжаттардың толық топтамасы “ҚР БҒМ академиялық ұтқырлық” тақырыбымен info@yu.edu.kz (көшірмесін alisher.baltabay@yu.edu.kz міндетті түрде) электрондық поштасына 2022 жылдың (қоса алғанда) 29 тамызға дейін жіберілуі тиіс. Немесе қағаз нұсқасында A1204 (12-қабат) кабинетіне тапсырыңы.
Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық кеңсеге келесі телефон арқылы хабарласуға болады: +7 7292 788 788 (261).