АЭС құрылысын қолдау тақырыбындағы кездесу

19 қыркүйек күні Yessenov University-де АЭС құрылысын қолдау жөніндегі штаб мүшелері университет студенттерімен кездесті.

Кездесуге Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Әбішева Гүлмира, “Аманат” партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шамшадинова Анар, Гуманитарлық Ғылыми-Зерттеу институтының директоры, с.ғ.д., профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы қатысты.

Кездесу барысында штаб мүшелері АЭС туралы түсіндірулер жасады. Шара соңында студенттер өз сұрақтарын қойып, қонақтардан толыққанды жауап алды.