Адалдық сағаты

5 қыркүйек күні Yessenov University-де «Адалдық сағаты» өтті. Аталған іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойыншадепартаментінің басшысы Ш.А. Шаменов, облыс әкімі орынбасары З.Т. Есбергенова, департамент қызметкерлері, облыстық білім басқармасы және білім бөлімі қызметкерлері, университет профессор-оқытушы құрамы мен студенттер қатысты.

Шараны Yessenov University Президенті Берік Ахметов алғы сөзбен, ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Ш.А. Шаменов кіріспе сөзімен бастады.

Шараның соңында студенттерге адалдық және парасаттылыққа шақыратын бейнеролик көрсетілді.
Студенттер шара қатысушыларына сұрақ қойып, жауаптарын алды.