YESSENOV JYLYJAY

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде, ғылыми және ғылыми- техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында көпфункциялы «YESSENOV JYLYJAY» жылыжай салынды. Есенов жылыжайы 2019 жылдың көктемінен жұмысын бастады. Жабық топырақты алқапта аскөк, көкөністер, жеміс- жидектер және кейбір сортты гүл түрлерін өсіру қолға алынған. Жылыжай жыл бойында үзіліссіз жұмыс жасау үшін сонғы технологиялармен салынған. Толық тамшылатып суғарумен және гидропоникалық жүйеде көкөністер мен жидектерді өсіру қамтамасыз етілген.

Өткен жылы жылыжайда жоғары сортты қияр мен қызанақтар, тәтті бұрыш, устрицалық вешенка саңырауқұлағы мен Итальяндық Alba сортының құлпынай өсірілді. Қазір жылыжайымызда жасыл көнөністер (рукола, брокколи, салат, шпинат, редис,т.б.), қияр, бұрыш және қызанақ түрлері, және гүлдер өсірілуде. Есенов жылыжай жұмысы негізі үш бағытты қамтиды:

Бірінші бағыт – студенттердің бойында зерттеушілік қасиеті мен мәдениетін дамыта отырып, Маңғыстау өңірінде болашақ агроөнеркәсіптік кешенін дамытатын мамандар дайындау. Есенов университетінің биология мамандығының студентері жыл бойында жылыжай ішінде дипломдық жұмыстары және өз қызығушылықтары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 2019 жылы Педагогика факультеті, жаратылыстану ғылымдары кафедрасында, биология мамандығынан Қожамжарова Л.С. б.ғ.к., профессоры жетекшілігімен 9 студент (бакалавр) дипломдық жұмысын жоғары деңгейде қорғап шықты.

Екінші бағыт – “Маңғыстау облысы климаттық жағдайында жылыжай шаруашылығын жүгізу мен дамытудың практикалық мәселелері” инновациялық технологиялар мен материалдарды оңтайлы пайдалану арқылы, экологиялық таза өнім алу және табыстылығын дамыту. Экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жаңа бағытта экологиялық инновация немесе «Жасыл технология» қолданылган. Білім ордасында студенттердің Бизнес- жоспарын жасап іске асыру.

Үшінші бағыт – осы жылы студенттер және жас мамандар арасында біліктілігін арттыру мақсатында «ЕСЕНОВ ЖЫЛЫЖАЙЫНДА», “Жас флорист (дизайнер) “, “Гидропоника негізі”, “Жылыжай шаруашылығы”, т.б. курстар ашу және микрозелень мен экзотикалық жемістер өсіру жоспарлануда.