Жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысы негізгі факторлары біріншіден, жоғары оқу орнының өзіндік ұйымдастырылуы, екіншіден ғылым және оқу саласында студенттердің өзін-өзі басқаруын ынталандыру және студенттердің бос уақытын ұйымдастыру.
Дарынды жастарға қолдау көрсету, студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыру Есенов университетінің Даму стратегиясы жоспарының маңызды бөліктерінің бірі болып табылады.
Жоғары білім берудің оқу бағдарламалары бойынша жүргізілетін сабақтардан тыс кезде жастардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, әлеуметтік белсенділігін арттыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында университетте Студенттердің шығармашылығын дамыту үйірмесі қызмет атқарады.
Студенттердің шығармашылығын дамыту үйірмесінде сән студиясы, хореография студиясы, вокал студиясы және жүргізушілер мектебі студенттерге би қимылдарын үйретіп, ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, аз уақыт ішінде хореографиялық қойылымдар – қазақ, татар, орыс, украин, өзбек, түркмен, шешен, кәріс халық билерін, балдық, шығыс билерін, заманауи «һip-hop» стилінің бірнеше бағытындағы би қойылымдарын дайындап, мемлекеттік мерекелерге, мәдени-көпшілік іс-шараларға бұрын мүлде бимен айналыспаған жастарды қатыстырып, кәсіби деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Сондай-ақ ұлттық аспаптарда домбыра, қобыз, жетіген, гитара т.б. сияқты үйірмелер студенттерге қазақ мәдениеті, тарихы, рухты ата-бабамыздан қалған әдет-ғұрыпты күй тартуды үйрету сабақтары арқылы ұлттық нақышта тәрбие беріледі.
Студенттердің ең епті, белсенді, дарындылары облыстық, қалалық байқауларға қатысып, университеттің мәдени-көпшілік іс-шараларында тұрақты, қызығушылықпен өнер көрсетеді.