2025 жылғы 28 қазаннан бастап Үздіксіз білім беру институтында «Филология және спорт» факультетінің «Ағылшын филологиясы» кафедрасының ассистент-профессоры, филология ғылымдарының магистрі Дальмуханова Феруза Қозыбаевна әзірлеген «AI tools in the context of English language teaching» («Ағылшын тілін оқытуда жасанды интеллект құралдарын пайдалану») атты жаңа оқу курсы өз жұмысын бастады.
Бағдарлама оқытушылар, студенттер мен магистранттар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Бір ай бойы курс тыңдаушылары ағылшын тілін оқыту үдерісіне жасанды интеллект технологияларын кіріктірудің заманауи тәсілдерімен танысады.
Оқу бағдарламасы педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және білім беру үдерісіне инновациялық әдістерді енгізуге бағытталған. Тыңдаушылар төмендегі дағдыларды меңгереді: жасанды интеллекттің негізгі ұғымдары мен жұмыс принциптері, оның білім берудегі рөлі; ағылшын тілін оқытуда заманауи AI-құралдарын қолдану; жасанды интеллект көмегімен сабақ жоспарларын, мәтіндер мен интерактивті тапсырмаларды әзірлеу; тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын дамыту үшін AI-платформаларды пайдалану; педагогикалық тәжірибеде жасанды интеллектті қолданудың этикалық қырлары.
Курс соңында әрбір қатысушы жеке жобасын — жасанды интеллект негізінде сабақ немесе білім беру ресурсын әзірлеу жұмысын қорғайды.
Оқыту нәтижесі бойынша әр тыңдаушы алған білімдері мен дағдыларын растайтын белгіленген үлгідегі сертификатқа ие болады.
Бұл курс білім берудегі цифрлық инновацияларды ілгерілетудегі маңызды қадам болып, жасанды интеллект дәуірінде ағылшын тілі мұғалімдері үшін жаңа мүмкіндіктердің жолын ашты.