26 қыркүйек күні Yessenov University-де Венгрия Парламенті төрағасының орынбасары Шандор Лежак бастаған делегация ресми сапармен болды. Делегация құрамында Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев болды.
Бұл сапар Ақтау қаласында өтіп жатқан «Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясындағы ІІІ Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалімен қатар ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қонақтар университеттің даму бағыттарымен, инфрақұрылымымен, зертханаларымен танысып, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамымен еркін пікір алмасты. Венгрия делегациясы өз елдерінің білім, ғылым және мәдениет саласындағы тәжірибесімен бөлісті.
Шандор Лежак мырза Yessenov University ұжымының ашықтығына, студенттердің белсенділігіне жоғары баға беріп, Қазақстан мен Венгрия арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға университеттің маңызды үлес қосатынын атап өтті.