«Жыл оқырманы» байқауы

28 сәуір Ұлттық кітап күніне орай Кітапхананың ұйымдастыруымен «Yessenov University студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында «Жыл оқырманы» байқауы өтті. Өткізілген байқау бойынша 7 номинация тағайындалды.

Байқау нәтижесінде:
1. «Жыл оқырманы» – Төлеген Сандуғаш Математика мамандығының 2 курс студенті.
2. «Көркем сөздің шебері» – Ризбаева Раушан Дарханқызы Филология мамандығының 3 курс студенті.
3. «Поэзия оқуларының майталман оқырманы» – Базарбай Ботагөз Филология мамандығының 3курс студенті.
4. «Қазақ классикасын оқудағы үздік оқырман» – Сұлтан Сымбат Мейрамғалиқызы Тарих мамандығының 1 курс студенті.
5. «Шетел әдебиетін оқудағы үздік оқырман» – Бердибай Зейнеп Бақтыбайқызы Шет тілі мамандығының 2 курс студенті.
6. «Үздік эссе шебері» – Сахиева Жаңылсын Қалбайқызы Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті.
7. «Кітапхананың тұрақты оқырманы» – Оңдағанов Нұрсұлтан Филология мамандығының 1 курс студенті марапатталды.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!
Оқырмандарымызбен бірге білім әлемін ашуға әрдайым дайынбыз!