Мемлекет басшысының Жолдауы аясында іс-шара

5 қыркүйек күні «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының ПОҚ және білім алушыларының қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында іс-шара өтті.

Іс-шара барысында Жолдауда айтылған нақты бағыттар туралы, оның ішінде Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын, цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналу маңыздылығы және де бұл Үкіметтің басты міндеттерінің бірі екендігі туралы айтылды.

Сонымен қатар, келесі жылы Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығын іске қосу мүмкіншілігі және бұл орталық оқушылар, студенттер, ғалымдар және кәсіпкерлер үшін әрдайым ашық болатындығы туралы айтылды.